SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласының тұрғыны, 2006 жылғы «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы Гауһар Рахметали бүгінде жаңа кәсіпке бет бұрды.
Сұлулық бәйгесінің жеңімпазы, «Әлем аруы – 2007» байқауына қатысқан Гауһар бұған дейін Атырау мұнай және газ институтын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Қазір төрт баланың анасы болып отырған ол күтпеген жерден наубайшылықты таңдаған.
Гаухардың айтуынша, круассанға деген ерекше ықыласы оны кондитерлік өнерді меңгеруге жетелеген. Бір жылдан аса уақыт ірі наубайханада еңбек етіп, жуырда су-шеф қызметіне көтерілген.
«Маған қуаныш сыйлайтын іспен айналысу – басты мақсат. Таңдауым үшін мақтанамын. Алдағы уақытта шағын әрі жайлы кондитерлік дүкен ашуды армандаймын», – дейді Гаухар Рахметали.
RUS