Түркияда 13 жастағы өзбекстандық жасөспірім әпкесінің жігітіне пышақтаған

Азиз Қалижан Редактор
27.08.2025, 10:50
713
Түркияда 13 жастағы өзбекстандық жасөспірім әпкесінің жігітіне пышақтаған әлеуметтік желі

Полиция іздестіру жұмыстарын жүргізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Ақсарай қаласында 13 жастағы өзбекстандық жасөспірім әпкесінің жігітін пышақпен жарақаттады.

Оқиға 22 тамыз күні кешке «Эрегликапы» махалласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыздың үйінің жанында жасөспірім мен жігіттің арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Сол сәтте бала ас үй пышағын қолданған.

26 жастағы ер адам кеудесінен жарақат алып, ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Оқиғадан кейін жасөспірім қашып кеткен. Ал қыз шу естіп сыртқа шыққанда сүйіктісін есінен танып жатқан күйінде көріп, жедел жәрдем шақырған.

Полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімді қаладағы саябақтардың бірінен ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін, 17 тамызда Ыстамбұлда өзбекстандық әйелді күйеуі қызғаныштың салдарынан өлтірген еді. Ол қашпақ болған, бірақ тәртіп сақшылары ұстап, марқұмның денесі елге жіберілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды