Тараз тұрғыны «түнімен ұйықтатпайды» деп сауда үйін сотқа берді

27.08.2025, 11:14
289
Тараз тұрғыны «түнімен ұйықтатпайды» деп сауда үйін сотқа берді әлеуметтік желіден

Сауда үйінің қондырғылары қарт кісілердің ұйқысын бұзатын көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласының тұрғыны сауда үйінің жабдығынан шыққан қатты шудың кесірінен демалысы бұзылғанын айтып, сотқа жүгінген.

Соттың ресми Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, әйел ЖШС-не қарсы талап арыз түсірген. Ол сауда үйіне тиесілі жабдықты оқшаулап, шуды азайтуды сұраған.

«Талапкердің айтуынша, тұрғын үйге жақын орналасқан сауда үйінің қондырғылары қарт кісілердің ұйқысын бұзып, қалыпты демалу құқығын шектеп отыр», – делінген хабарламада.

Тұрғындар бірнеше рет тиісті органдарға шағымданған. Тексеру барысында дыбыс деңгейінің нормадан асқаны анықталғанымен, жауапты тарап ешқандай шара қолданбаған.

Сараптама қорытындысы бойынша, пәтерлердегі шудың деңгейі 49,5 дБ болған. Бұл рұқсат етілген 40 дБ көрсеткішінен жоғары.

Сот отырысында тараптар бітімге келді. Келісім бойынша, ЖШС сараптама шығындарын (84 мың теңге) өтеп, шудың көзін оқшаулауға міндеттелді. Ал талапкер компанияға қатысты өзге шағымдарынан бас тартты.

Сот келісімді бекітті, іс тоқтатылды. Мемлекеттік баж сомасы талапкерге қайтарылды. Шешім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда көпқабатты үй тұрғындары шатырдың хостелге айналуына наразы болған еді. Ал элиталық аудандарда тұратын азаматтар түнгі клубтар мен караоке орындарынан шыққан шудан зардап шегіп отырғанын айтқан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды