«Анам тірі»: альпинист Наталья Наговицина Пик Победада көмекке зәру, ұлы жанұшыра шақыруда

Азиз Қалижан Редактор
27.08.2025, 12:32
480
«Анам тірі»: альпинист Наталья Наговицина Пик Победада көмекке зәру, ұлы жанұшыра шақыруда Моксва24

Оның үндеуіне Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, альпинист Наталья Наговицина Пик Победада аяғын сындырып, тауда қалып қойған. Оның ұлы Михаил Наговициин анасын құтқару үшін Ресейдің Бас прокурорына, СІМ-ге және елшісіне үндеу жолдады. Ол анасын тірі деп санайды және құтқару операциясын әлі де үлгеріп жасауға болатынына сенімді.

Михаил әлеуметтік желіде жазба жариялап, видеода анасын шатырдың жанында қолын бұлғап тұрғанын көрсеткенін айтты.

«maga.fpv-дан алған бейнематериалда ол байланыс үзілгеніне жеті күн өтсе де, қолын сермеп, күш-қуаты бар екені анық көрінеді», – деп жазды Михаил.

Синоптиктердің болжамынша, ауа райының қолайлы «терезесі» екі күннен кейін жабылады. Осыдан соң құтқару жұмыстары мүлдем мүмкін болмай қалуы ықтимал. Ал Қырғызстанның ТЖМ 23 тамызда әйелдің қаза тапқанын хабарлап, операцияны тоқтатқан еді.

Михаилдың айтуынша, құтқарушылар дронмен көтерілуге дайын болған, алайда 25 тамызда таңертең күтпеген жерден топ таратылып жіберілген. Соған қарамастан, ерікті альпинист жеке өзі көтерілуге дайын екенін мәлімдеген.

Оның үндеуіне Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова жауап берді. Ол дипломаттар алғашқы күннен бастап альпинисті құтқару үшін қолдан келгенін жасап жатқанын жеткізді.

Бұл жағдайға күтпеген жерден тележүргізуші Виктория Боня да араласты. Ол бейнеүндеу жасап, көңіл айтып, Натальяның денесін таудан түсіруге көмек ретінде 10 мың доллар бөлуге уәде берді.

«Жарық дүние оны енді көрмейді. Ұлына айтарым – маған жазыңыз. Мен сізге 10 мың доллар аударамын, денені таудан түсіруге көмектесу үшін. Бұл әлемнің бір бөлігі болу — құрмет пен адамгершілікті бөлісу деген сөз», – деді Боня.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды