373

Астанада жасөспірімдер LED-экранды бұзғаны үшін жазаланды

Олар хакерлік жолмен бұзып, мәтін өзгерткен.

Астанада жасөспірімдер LED-экранды бұзғаны үшін жазаланды
samss.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада төрт жасөспірім LED-жолақты бұзғаны үшін ұсталды.

Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер ғимараттың маңдайшасындағы LED-жолақты хакерлік жолмен бұзып, мәтін өзгерткен.

Қазіргі уақытта осындай төрт дерек тіркелген.

«Кәмелетке толмағандармен олардың ата-аналарының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал ата-аналарға балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді», – делінген полиция хабарламасында.

Материал авторы