Израильде тұтқындарды босатуды талап еткен жаппай наразылық өтті
Беньямин Нетаньяху әдейі соғысты созып отыр дейді наразылар.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 тамызда Израильде азаматтар тұтқындарды босатуды және Газа секторындағы соғысты тоқтатуды талап етіп, жаппай акцияға шықты. Наразылыққа шыққандардың айтуынша, премьер-министр Беньямин Нетаньяху әдейі соғысты созып отыр.
Таңертеңнен бастап елдің әр өңірінде жолдар жабылды. Тель-Авив маңындағы маңызды Аялон трассасы да уақытша қозғалысқа жабылды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ елшілігіне жақын тұста 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС лаңкестері ұрлап кеткен израильдіктердің суреті бейнеленген баннер ілінген. Ал Тель-Авивтің солтүстігінде наразылар көлік шиналарын өртеген.
Тұтқындар туыстарының форумы «Жаппай азаматтық ынтымақ күні» деп жариялап, ел бойынша акциялар өткізуге шақырды. Кешке Тель-Авивтің орталығындағы «Тұтқындар алаңында» ауқымды митинг жоспарланған.
Материал авторы