Оралда 5 жастағы бала жаттығу кезінде жарақат алып, бір көзінен айырылды

Азиз Қалижан Редактор
27.08.2025, 15:15
376
Оралда 5 жастағы бала жаттығу кезінде жарақат алып, бір көзінен айырылды әлеуметтік желіден

15 жастағы жасөспірім оған трактор дөңгелегін лақтырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында 5 жасар бала аралас жекпе-жек (MMA) секциясында болған оқиға салдарынан бір көзінен айырылды.

Ерсұлтан есімді бүлдіршіннің анасының айтуынша, ол жаттығу басталардан 10 минут бұрын залға келіп, басқа балалармен ойнап жүрген. Осы сәтте 15 жастағы жасөспірім оған трактор дөңгелегін лақтырған. Дөңгелек тигеннен кейін бала құлап, басын жылу батареясына соққан.

Дәрігерлер екі рет ота жасағанымен, көздің көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмаған. Қазір Ерсұлтанға мүгедектік берілген.

Полиция мәліметінше, жаттықтырушы мен жасөспірімге қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Алайда кейін істер тоқтатылған. Себеп ретінде «қылмыстық құрамның болмауы» және жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілік жасына толмағаны көрсетілген.

Баланың анасы секцияда қауіпсіздік талаптары сақталмайтынын айтты. Оның сөзінше, әртүрлі жастағы балалар бірге жаттығады, кейде жаттықтырушы келмей, үлкенірек тәрбиеленушілерге кіші балаларды сеніп тапсырады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды