629

Құлсарыда 7 жасар қызды зорлап, өлтіріп тастаған күдіктінің соты басталды

5 маусымда кішкентай Ұлдай үйіне қайта оралмаған еді…

Құлсарыда 7 жасар қызды зорлап, өлтіріп тастаған күдіктінің соты басталды
әлеуметтік желіден / SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында қоғамды дүр сілкіндірген қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Кұлсары қаласында 7 жасар қызды зорлап, өлтіргені үшін айыпталған 35 жастағы ер адам жауапқа тартылуда.

Оқиға биыл 5 маусымда Кұлсарыда болған. Кішкентай қыз аулада ойнап жүріп, үйіне қайта оралмаған. Біраз уақыттан соң оның денесі Курcай өзенінің маңынан табылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті мас күйінде болып, балаға сексуалдық зорлық жасаған. Қылмысын жасыру үшін ол қызды өлтіріп, денесін өзенге тастаған. Кейін ол танысының ауласында ұйықтап қалған.

Сот-медициналық сараптама баланың денесінен зорлық-зомбылық іздерін және жыныстық күш қолдану белгілерін анықтады.

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған:

  • 120-баптың 4-бөлігі – кәмелетке толмағанды зорлау

  • 99-баптың 3-бөлігі – кәмелетке толмағанды өлтіру

Сот кімнің қарауында өтуде?

Істі Атырау облысында резонансты қылмыстарды қарайтын жалғыз судья – Зарема Хамидуллина қарап жатыр.

Материал авторы