Шымкентте таксиге шабуыл жасаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Азиз Қалижан Редактор
27.08.2025, 17:16
343
Шымкентте таксиге шабуыл жасаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды бейнежазбадан

Әйел алдымен сыра бөтелкесімен көліктің алдыңғы панелін және мониторын сындырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте такси салонын бүлдірген әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Инцидент 2025 жылдың маусым айының басында болған. «Яндекс Такси» логотипі бар көліктің салонында әйел мен жүргізуші арасында жанжал шығып, ол агрессияға ұласқан.

Сот дерегінше, жолаушы алдымен сыра бөтелкесімен көліктің алдыңғы панелін және мониторын сындырған. Кейін көліктен шығып, сол бөтелкемен сол жақтағы алдыңғы әйнекті қиратыпты. Бұдан соң жол шетіндегі тасты алып, алдыңғы және артқы терезелерді сындырған, сондай-ақ есіктің ішкі қаптамасын бүлдірген.

Автокөлік иесі соттан әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған, себебі келтірілген залал толық өтелген. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, барлық шығынды жапты.

Сот тараптардың татуласқанын ескеріп, әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатты және істі тоқтатты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді