Астанада «Ақылды қала» жобасы талқыланды: басты назар – қауіпсіздік пен жасанды интеллект

27.08.2025, 17:41
578
Астанада «Ақылды қала» жобасы талқыланды: басты назар – қауіпсіздік пен жасанды интеллект ОФ «Белсенді Азамат»

Елордада «Астана 2030: Ақылды қала бүгіннен басталады» атты қоғамдық кеңестің диалог алаңы өтті. Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, мәслихат депутаттары, халықаралық IT-серіктестер, қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындары қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – Smart City жобасын іске асыру. Жоба аясында қоғамдық қауіпсіздік, инфрақұрылымды цифрландыру, бейнебақылау, жасанды интеллект арқылы қала басқару және тұрғындардың қатысуы қамтылмақ.

Қауіпсіздік – басты сұраныс

Қоғамдық кеңес жүргізген онлайн сауалнама нәтижелері мынадай болды:

  • 85% астаналық мектептер мен балалардың қауіпсіздігін бірінші орынға қойды;
  • 51% жол-көлік оқиғаларын азайтуды қолдайды;
  • 46% қаладағы барлық аудан, соның ішінде шеткі аумақтар да бейнебақылаумен қамтылуы тиіс деп есептейді;
  • 91% жасанды интеллектке негізделген орталықтандырылған камера жүйесін қолдайды.

Көпшілік қазақстандық IT-мамандардың жобадағы рөлін қолдағанымен, қосымша оқыту мен қолдаудың қажеттігін атап өтті.

Жеке инвестиция және жаңа технология

Қаланың Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметовтің айтуынша, елордадағы барлық 16 тұрғын массив пен бір саяжай массиві бюджет қаржысынсыз, жеке инвестиция есебінен интернетке қосылған.

«Мақсатымыз – тек камера орнату емес, көлік, ТКШ, қауіпсіздікті біріктіретін кешенді жүйе құру. Барлық ақпарат жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін Ситуациялық орталыққа жинақталады», – деді ол.

Жасанды интеллект пен халықаралық тәжірибе

Presight AI Kazakhstan өңірлік директоры Мәқсат Қошымбаев жобаның техникалық қырын таныстырды. Оның айтуынша, жасанды интеллектке негізделген жаңа Ситуациялық орталық пен деректерді өңдеу орталығы құрылмақ.

«Бейнеаналитика тек жол ережесі бұзушылықты емес, қауіпті жағдайларды да анықтайды. Барлық жүйенің интеграциясы үкіметтің суперкомпьютерін тиімді пайдалануға жол ашады», – деді ол.

Сонымен бірге жобаның кемінде 60%-ын қазақстандық IT-компаниялар жүзеге асырады, бұл саладағы кадрлар әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашпақ.

Қоғамдық пікір

Мәслихат депутаттары мен тұрғындар жобаға қолдау білдіріп, мектептер мен аулаларға камера орнатуды, бейнебақылауды барлық ауданға таратуды, тұрғын үйлердің кіреберісі мен лифттерін қорғауды ұсынды.

Қоғамдық кеңес мүшесі Аяжан Өтеуова кездесуді түйіндеп:

«Ақылды қала – бұл болашақтың концепциясы емес, бүгінгі сұранысқа берілетін жауап. Ең басты басымдық – қауіпсіздік», – деді.

Ұсыныстар тиісті органдарға жолданатын болады. Smart City – тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз әрі технологиялық қала құруға бағытталған қадам.

 

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады