Блогер-трансгендер заңсыз казино жарнамасынан 8 млн теңге ақша тапқан

Азиз Қалижан Редактор
28.08.2025, 10:07
847
Блогер-трансгендер заңсыз казино жарнамасынан 8 млн теңге ақша тапқан әлеуметтік желіден

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казино жарнамалаған 34 блогерді анықтаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) заңсыз онлайн-казино жарнамасына қатысы бар 34 блогерді анықтады. Бұл туралы агенттік мәліметінше, танымал блогерлер «жеңіл табыс» үшін қазақстандықтарды қаржылық тұзаққа түсіріп жатыр.

Қазірдің өзінде 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал қалған 23 блогердің ісі Мәдениет министрлігіне жіберілген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 455-бабы («Жарнама туралы заңнаманы бұзу») бойынша шаралар қолданылуда.

Агенттік дерегінше, жыл басынан бері хип-хоп орындаушы Baller (Шыңғысхан Көпбаев) аталған бап бойынша бес рет жауапқа тартылған. Сондай-ақ, 600 мыңнан астам оқырманы бар блогер әрі музыкант Ринат Шамшырақ та онлайн-казино жарнамалағаны үшін әкімшілік істің нысанасына іліккен.

ҚМА өкілдері Қайсар Хамза есімді блогердің әрекетін де сынға алды. Оның айтуынша, ол Telegram-арнасында заңсыз ойындарды белсенді насихаттап, тіркелу жолдарын көрсеткен және «жеңімпаздардың» жалған видеоларын жариялаған. Жарнама арқылы тапқан табысын сән-салтанатты өмірге, шетелдік саяхатқа жұмсағаны да айтылды.

Тексеру аясында блогер-трансгендер Niko Nett те бар. Ол казино жарнамасынан 8 миллион теңгеден астам қаражат тапқан.

Ал Нұрғазы Тоқтаров («Nakonay Qarapaiym») әлеуметтік желілерде заңсыз ойындарға тарту науқанын жүргізген. Қызығы, жарнама үшін алған 15,8 млн теңгенің жартысына жуығын өзі сол платформаларда ұтылып қалған.

Сонымен қатар, Мариям Күлжабаева (@oomariko) стористегі жарнама үшін 350 мың теңге алған. Бұдан бөлек, агенттік Хакиева Зухра, Халметова Диана, Аубакирова Асем, Байкова Арина, Айымбетова Кумисай сынды блогерлердің де заңсыз жарнамаға қатысы барын мәлімдеді.

«Жарнама арқылы олар адамдарды ойынқұмарлыққа итермелейді. Бұл отбасылардың күйреуіне әкеледі. Өкінішке қарай, айыппұл төлеп құтылған блогерлер заң бұзуды жалғастыруда», – делінген агенттік мәлімдемесінде.

ҚМА бұл әрекеттерді заңсыз ойын бизнесіне көмектесу (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі) ретінде қарастырып, казино жарнамасына қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды.

Ведомство мәліметінше, онлайн-казино иелері шетелде жасырынған. Қазақстанда мұндай қызмет заңмен тыйым салынған. 2025 жылы агенттік 17 мыңнан астам сайт пен сілтемені бұғаттаған. Сондай-ақ, төлем жүйелері арқылы заңсыз платформаларды қолдаған отандық ұйымдар да тексерілуде.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды