«Альпинист табылған жоқ»: Жеңіс шыңында дрондар іздестіру жүргізді (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
28.08.2025, 12:49
636
«Альпинист табылған жоқ»: Жеңіс шыңында дрондар іздестіру жүргізді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Марқұм күйеуінің құрметіне тақтайша орнатпақ болған альпинист қаза болған болуы мүмкін. Енді оның денесі тау шыңында көктемге дейін жатады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда Жеңіс шыңында альпинист Наталья Наговицынаға қатысты іздестіру жұмыстары жалғасуда. 27 тамызда вице-премьер – ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің тапсырмасымен заманауи технологияларды қолдана отырып, кезекті кешенді іздестіру-құтқару операциясы өтті.

«Операция аясында дрондар арқылы жоғары дәлдіктегі құралдармен аэровидео түсірілім жүргізілді. Қатты жел соққан қолайсыз ауа райына қарамастан, тепловизор көмегімен мониторинг кадрлары алынды», – делінген хабарламада.

Алайда алынған мәліметтерді талдау нәтижесінде, альпинистің орналасқан аумағында тіршілік белгілері байқалмаған.

Наговицына жоғалғаннан кейін оның ұлы Ресейдің Бас прокурорына, Сыртқы істер министріне және Қырғызстандағы Ресей елшісіне анасына көмек көрсету жөнінде өтініш жасаған еді. Кейін бұл іске Ресейдің Тергеу комитеті де араласқаны хабарланған.

25 тамызда Ресей Альпинизм федерациясының мүшесі, Mountain.ru порталының бас редакторы Анна Пиунова құтқарушылар дронмен тағы бір рет ұшу жасамақ болғанын, егер Наталья тірі болса, Қырғызстан ТЖМ-нің Eurocopter тікұшағымен итальяндық пилоттың көмегімен эвакуациялау жоспарланғанын жазған.

Мамандардың айтуынша, альпинистің денесі кемінде көктемге дейін тауда жатады. Себебі 2025 жылғы өрмелеу маусымы аяқталды, ал палаткасын іздеу жұмыстары 2026 жылға дейін басталмайды.

Еске сала кетейік, Наталья түсіп келе жатқанда аяғын сындырып, өздігінен қозғала алмай қалған. Жолдастары мен құтқарушылар оны бірнеше рет эвакуациялауға тырысқанымен, ауа райы мүмкіндік бермеді. Құтқаруға келген альпинистердің бірі қаза тапты.

Айта кетейік, төрт жыл бұрын дәл осы тауда, көрші шыңда Натальяның күйеуі Сергей қаза болған. Әйел бұл жолғы өрмелеуге оның құрметіне естелік тақтайша орнату үшін шыққан еді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды