409

«150 мың теңге жетпеді»: Роза Әлқожа қызының мектепке дайындығы туралы айтты

Жұрт баланы мектепке дайындау құны аспандап кеткеніне наразы.

«150 мың теңге жетпеді»: Роза Әлқожа қызының мектепке дайындығы туралы айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Роза Әлқожа қызы Ясинаны жаңа оқу жылына дайындау барысын оқырмандарымен бөлісті. Өнер иесі балаларға сәттілік тілеп, өз ойымен Instagram-да жазба қалдырды.

«Өмір сүру қызық қой, иә?! Не боларын білмейсің, бірақ алға жүре бересің. Алла берекесін берсін. Балаларды мектепке дайындап болдыңыздар ма? Майда-шүйде деп жүріп, бір қызға 150 мың теңге де жетпеді. Ал сіздерде қанша кетті?» – деп жазды әнші.

Әлеуметтік желі қолданушылары да мектепке дайындық шығынының қымбаттығына шағымданды:

«2-сыныпқа баратын жиеніме 65 мың кетті», «Базардағы формалар қазір ұшып тұр», «Үш балама 100 мың жұмсадым. Оқу құралдарын әлі алған жоқпыз, тек киімдер ғана», – деп жазды желідегілер. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор