SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда авиациялық қауіпсіздікке қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Air Astana таратқан ақпаратқа сүйенсек, әуежайларда тексеріс кезінде алынған заттар бұдан былай қоймада сақталмайды.
21 тамызда қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес, рейске дейінгі тексеру кезінде тәркіленген заттар енді жолаушыларға қайтарылмайды және әуежайда қалдырылмайды.
Егер жолаушы қол жүгінде тыйым салынған зат алып өтпек болса, ол зат біржола жойылады. Мұндай жағдайда әуежай қызметі затты бірге келген адамға беруді ұсынады, әйтпесе ол утилизацияланады.
Авиакомпаниялар жолаушыларға рейс алдында тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға кеңес беріп отыр. Себебі бұрынғыдай «сапардан кейін затты қайтарып алу» мүмкіндігі енді болмайды.
RUS