461

Күзден бастап педагогика студенттерінің стипендиясы 84 мың теңгеге өседі

Соңғы бес жылда студенттердің шәкіртақысы екі есеге артқан.

Күзден бастап педагогика студенттерінің стипендиясы 84 мың теңгеге өседі
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қыркүйектен бастап педагогикалық бағытта білім алып жатқан студенттер ай сайын 84 мың теңге көлемінде стипендия алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда студенттердің шәкіртақысы екі есеге артқан.

– 1 қыркүйектен бастап бакалаврлардың стипендиясы – 52 372 теңге, педагогикалық мамандықтар үшін – 84 мың теңге, магистранттар үшін – 117 098 теңге, ал докторанттар үшін – 262 500 теңге болады, – деді вице-министр.

Сонымен қатар Гүлзат Көбенова студенттерді қолдауға бағытталған жаңа бастамалар жайлы да айтты. Оның ішінде биыл қабылданған «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі бар. Бұл жоба студенттерге қосымша қаржылық мүмкіндік беруді көздейді.

– Заң күшіне енген сегіз айдың ішінде 35 мыңнан астам адам «Келешек» жүйесіне қосылды. Әкімдіктер, жұмыс берушілер мен түрлі қорлар мемлекеттік гранттардан бөлек биыл да 5 мыңға жуық грант бөлді, – деді ол.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор