Ақтөбелік сутенер әйел Конституцияның 30 жылдығына орай босатылды

28.08.2025, 15:55
308
Ақтөбелік сутенер әйел Конституцияның 30 жылдығына орай босатылды Depositphotos.com

Әйел жезөкшелердің қызметін 40 мың теңгеден сатып қамауға алынған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында 36 жастағы әйел сутенерлікпен айналысқаны үшін сотталғанымен, Конституцияның 30 жылдығына жарияланған амнистия бойынша бостандыққа шықты.

Тергеу мәліметінше, әйел қаладағы ойын-сауық орнында администратор болып жұмыс істеген. Сол жерде клиенттерді тауып, жезөкшелердің қызметін 40 мың теңгеден сатқан.

Қалалық сот ісін Қылмыстық кодекстің 309-бабы («Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау») бойынша қарады.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтып, амнистия қолдануды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы да қарсылық білдірмеді.

Сот оның өтінішін қанағаттандырып, амнистияға сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Әйел сот залынан бірден босатылды.

Айта кетейік, былтыр Алматыда «Love Айка» лақап есімімен танылған 25 жастағы сутенер алты жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол модель әрі блогер ретінде танылып, сонымен қатар элиталық эскорт бизнесін ұйымдастырған. Айка жылына 209 миллион теңгеге дейін табыс тапқан. VIP-клиенттер тізіміне ену үшін 300 доллар төлеу керек болған. Сонымен бірге оның үстінен есірткі сақтағаны үшін де айып тағылған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді