Ақтөбеде жасөспірімді құтқармақ болған ер адам өзі де суға батып кетті
Танаберген өзенінде екі адам суға кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алға ауданындағы Танаберген өзенінде екі адам суға кетіп, мерт болды. Оқиға шомылуға тыйым салынған аумақта болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы жасөспірім суға бата бастаған. Оны құтқаруға 32 жастағы ер адам ұмтылған, бірақ екеуі де ағысқа төтеп бере алмай, суға кеткен.
«Оқиға орнына аудандық өрт сөндіру бекетінің, әкімдік пен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жетті. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер жұмылдырылды. Марқұмдардың денесі жағадан жеті метр қашықтықта, шамамен үш метр тереңдіктен табылды», – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор