Ақмолада мотоциклмен мінген жасөспірім ауыр жарақат алды
Кәмелет жасына толмаған бала мотоцикл тізгіндеймін деп ауыр апатқа ұшырады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Макинск қаласында 2009 жылы туған жасөспірім мотоцикл тізгінін ұстап келе жатып, басқаруды жоғалтып, жол апатына ұшырады. Салдарынан ол ауыр бас жарақатын алған.
Аталған дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі («Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Ақмола полицейлері ата-аналарға тағы да ескерту жасайды: балаларға мотоцикл, мопед және өзге де көлік құралдарын басқаруға рұқсат бермеңіздер», – делінген ресми хабарламада.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор