SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желіде жүктілігіне қатысты жазба жариялап, халықтың сынына ұшырады.
Сымбат өзінің Instagram-парақшасында жүктіліктің 30-аптасына жеткенін айтып, алғашқы айлар қиын өткенін жазды.
«Токсикозым 9 аптадан 16 аптаға дейін болды. Сол кезде қатты арықтап кеттім, 4 келі тастадым. Сабақта жүргенімде де өзімді жаман сезіндім. Қазір бәрі жақсы, витаминдерімді уақытылы ішіп, таза ауада серуендеп жүрмін», – деді ол.
Алайда желі қолданушылары блогердің фотосын сынға алды. Кейбіреулер оның жүктілігін ашық көрсетуін қолдамай, «Тіл-көзден сақтаушы еді», «Әкесінен ұялмайды», «Ақша үшін не істемейді» деген пікірлер қалдырды.
Сымбат биыл 16 жасында тұрмысқа шыққан. Бұған дейін оның жаңа пәтер сатып алғаны және енесіне қымбат сыйлық жасағаны туралы жазылған болатын.
RUS