Еуроодақ Ресейдің €200 млрд көлеміндегі активтерін Украинаға беруді жоспарлап отыр – Politico

29.08.2025, 11:14
467
Еуроодақ Ресейдің €200 млрд көлеміндегі активтерін Украинаға беруді жоспарлап отыр – Politico Olivier Hoslet/EPA

Құжатта активтерді бірден тәркілеу қарастырылмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ Ресейдің бұғатталған активтерінің бір бөлігін Украина қалпына келтіру жұмыстарына бағыттау тетігін әзірлеуде. Бұл туралы Politico басылымы жазды.

Ақпаратқа сәйкес, бұл мәселе 30 тамызда Копенгагенде ЕО Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланады.

Құжатта активтерді бірден тәркілеу қарастырылмаған. Көптеген мемлекеттер мұндай қадамға қарсы, себебі ол құқықтық және қаржылық тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Оның орнына Брюссель ресейлік активтерді «жоғары тәуекелді инвестициялар» санатына енгізіп, одан түсетін пайданы арттыруды көздеп отыр.

Бұл үшін ЕО арнайы құрылым құруды қарастырып жатыр. Оған ЕО елдерімен қатар G7 тобының мүшелері – Ұлыбритания мен Канада да кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл Еуропаға активтерді көбірек бақылауға мүмкіндік береді. Қолданыстағы ережелер бойынша, кез келген ел санкцияны ұзартуға вето қойып, активтерді Ресейге қайтара алады. Жаңа механизм бұл шектеуді айналып өтуге жол ашады.

2024 жылы G7 елдері Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыстың €45 млрд көлемін Киевке бөлуге келіскен болатын. ЕО мен G7 елдеріндегі Ресей активтерінің жалпы көлемі шамамен €280 млрд – бұл елдің алтын-валюта қорының жартысына жуығы. Дегенмен, Еуроодақ оларды тәркілеуге заңды негіз таппай отыр, себебі бұл еуроның резервтік валюта ретіндегі беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды