Маңғыстауда келесі жылы дрон-такси іске қосылады
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай туристерге арналған жаңа такси түрі шығарылатынын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында туристерге арналған дрон-такси қызметі 2026 жылы іске қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда өткен білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, пилоттық жоба өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.
«Келесі жылы дрон-такси жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олар туристерді Ақтаудан облыстың көрнекті орындарына жеткізу үшін пайдаланылады», – деді ол.
Сонымен қатар, Нұрдәулет Қилыбай білім саласындағы жаңа бастамаларды да атап өтті. Биылдан бастап үш жыл ішінде арнайы дайындықтан өткен 50 мектеп директоры Сингапур мен Қытайға тәжірибе алмасуға жіберіледі. Бұдан бөлек, 30 оқушыны АҚШ-та оқыту жоспарда бар.
Материал авторы