Qazaq Titan ҚР Конституциясы күні титулдық жекпе-жекке шығады

29.08.2025, 14:53
427
Qazaq Titan ҚР Конституциясы күні титулдық жекпе-жекке шығады

Ертең Алмат Жұманның жекпе-жегі өтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық кәсіпқой боксшы және жалаң жұдырық жауынгері Алмат Жұман кәсіпқой бокстан UBO Continental чемпиондық белбеуі үшін рингке шығады. 

Кездесу ҚР Конституциясы күніне орай 30 тамызда Эквадор астанасы Китода өтеді. Отандасымыздың бұл жолғы қарсыласы - boxrec рейтингі бойынша Эквадорда бірінші сатыда тұрған Диего Киноньес

Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Спортшылар супер орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Отандасымыз кештің басты қонағы ретінде шаршы алаңға шығады. Бокс кешін ұйымдастырушы - Capital box.

Еске салайық, Алмат Жұман (7-0-0) спорттық мансабында жеңіліс таппаған кәсіби боксшы. Сонымен қатар, Конор Макгрегордың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ.

Спортшының негізгі ақпараттық серіктесі және демеушісі Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы (ОАФА), сондай-ақ Lanzhouмейрамханалар желісі.

ОАФА төрайымы Гүлбану Майгарина жекпе-жектің маңыздылығын атап өтті:

«Әлемдік аренадағы қазақстандық спортшыларды қолдау – бұл жай спорт қана емес, елдің имиджін ілгерілету. Алмат қазақстандықтардың күшін, мінезін және жігерін бүкіл әлемге көрсетіп жүр».

Еске салайық, аталған бокс кеші 30 тамыз 16:00-де (Астана уақытымен 31 тамыз, 02:00) басталады.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр