SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Келес ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты жантүршігерлік қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Оқиға ауылдық жерде болған. Тергеу дерегінше, 37 жастағы ер адам туысына қонаққа келген кезде көрші үйдің 8-сынып оқушысын зорлаған.
Қыздың анасы бұл жағдайды тек жүктілік кезінде білген соң, бірден полицияға хабарлаған.
Күдікті – екі баланың әкесі, шетел азаматы. Ол сотта кінәсін мойындамағанымен, тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жиналып, айыбы толық дәлелденді.
Сот үкімі бойынша, ол ерекше режимдегі түзеу мекемесінде өмір бойы жазасын өтейді.
RUS