831

Серік Ибрагимов «Қайрат» клубы үшін Алматыдағы үйін сататынын мәлімдеді

Әншінің мәлімдемесі жұртты күлдірді.

Серік Ибрагимов «Қайрат» клубы үшін Алматыдағы үйін сататынын мәлімдеді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Серік Ибрагимов УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын қарсаңында ерекше хабарлама жасады.

Ол Instagram парақшасында Алматыдағы Орталық стадионға жақын орналасқан үйін сататынын жазды. Әншінің айтуынша, бұл үйден стадионда өтетін ойындарды анық көруге болады.

«Алматылықтардың назарына! Орталық стадионның қасындағы үйімді сатамын. Біздің үйден стадиондағы ойынның бәрі анық көрінеді», – деп бөлісті Ибрагимов.

Еске салсақ, 28 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Оның нәтижесінде «Қайрат» жалпы кезеңде «Реал Мадрид» (Испания), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия) және «Пафос» (Кипр) клубтарымен ойнайды.

Ал қонақтағы матчтарда қазақстандық клуб «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Спортинг» (Португалия) және «Копенгаген» (Дания) командаларымен кездеседі. Ойындар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор