Қазақстандағы бай бизнесмен Назарбаевтың немересіне тиесілі компанияны сатып алды
Нұрәлі Әлиев енді компания иелері қатарында жоқ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Jusan Mobile» компаниясы «Unit Telecom»-ның бақылау пакетін сатып алды. Бұған дейін бұл компанияның бірлескен иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиев болған.
KASE сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, «Jusan Mobile» «Unit Telecom»-ның 51% үлесін иеленді. Енді байланыс провайдері аталған акционерлік қоғам мен кәсіпкер Дмитрий Покупателевке тиесілі. Нұрәлі Әлиев енді компания иелері қатарында жоқ.
Әлиев 2016 жылдың сәуірінен бері «Unit Telecom»-ның үлесін иеленіп келген. 2021 жылы бұл компания жекешелендіру аясында «Транстелекомның» 75%-дан астам акциясын алған еді.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев биыл ақпанда «Транстелекомдағы» үлесін сатқан. Осыдан кейін компаниядағы оған жақын топ-менеджерлер орнын босатып, «Jusan Mobile» өкілдері директорлар кеңесіне кірді. Шілде айында қаржылық есепте мәміле көрсетілген, ал қазір ол ресми түрде аяқталды.
«Jusan Mobile»-дың иесі – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. Ол компанияны өзіне тиесілі JV Holding Ltd және Jusan Ventures арқылы басқарады. Forbes дерегінше, Есенов – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі және рейтингте 19-орында тұр.
Материал авторы