«Австралияға апарамын» деп алдады: QosLike жұлдызына 15 адам шағымданды

Азиз Қалижан Редактор
29.08.2025, 17:49
934
«Австралияға апарамын» деп алдады: QosLike жұлдызына 15 адам шағымданды жеке парақшасынан

Айына 2 миллион теңге жалақы беріледі деп алдаған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық блогер әрі «Qoslike» жобасының қатысушысы Ағлан Ақпан бірнеше адамды «Австралияға жұмысқа орналастырамын» деп алдап кеткені белгілі болды.

Жәбірленушілердің айтуынша, олар блогердің Instagram арқылы жариялаған жарнамасына сеніп, қомақты қаражат берген. Бірақ екі жылдан бері ақшаларын қайтара алмай жүр.

«Инстаграмдағы жарнамасын көрдік. Ағлан Ақпан өзі сөйлеп, сендірді. Сиднейге барып, құрылысшы болып жұмыс істейміз деп ойладық. Айына 2 миллион теңге жалақы аламыз деді. Содан бері екі жыл өтті, ақша да жоқ, ол да жоқ», – дейді алданғандардың бірі Бақыт Мәметоқаев.

Тағы бір жәбірленуші Нұрлан Төлебаев та несиеге алған ақшасын қайтара алмай отыр.

«7 миллион теңге несием бар. Австралияға кетемін деп жұмыстан шығып кеттім. Алған ақшасын қайтармай жүр. Әрқайсымыздан әртүрлі сомада алды: 360 мыңнан бастап, 1,5 миллион теңгеге дейін. Бас-аяғы 15 адам ақшамызды қайтара алмай жүрміз», – дейді ол.

Бағдарлама мәліметінше, блогердің үстінен тоғыз іс қозғалған, жеке сот орындаушылар елден шығуға тыйым салған. Бірақ Ағлан Ақпан қазір шетелден контент жариялауды жалғастырып жүр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды