«Қалдыбектен де, қызынан да ақша алмадым»: адвокат Ләззат Ахатова Әнарудан 10 млн теңге өндірмек

Азиз Қалижан Редактор
29.08.2025, 19:12
2351
«Қалдыбектен де, қызынан да ақша алмадым»: адвокат Ләззат Ахатова Әнарудан 10 млн теңге өндірмек әлеуметтік желіден

Елге бұл қыздың шын болмысын ашып көрсетіп берейін дейді адвокат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, адвокат Ләззат Ахатова қоғамда резонанс тудырған Әнару Құрманәлі ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Ахатова өз сөзінде композитор Қалдыбек Құрманәлі мен оның қызы Әнарудан ешқандай гонорар алмағанын айтты. Оның айтуынша, бастапқыда адвокат бұл іске қыз тағдырына жанашырлықпен араласқан.

«Алғашында ақшам жоқ деген соң, тегін көмектестім. Әкесі мен қызының сөзін сөйлеп, ел алдында қыздың абыройын қорғауға тырыстым. Бірақ қазір олар мені қаралап жатыр. 1 млн теңге алды дегені – жалған», – деді ол.

Адвокаттың айтуынша, ол сотқа екі талап арыз дайындап жатыр. Біріншісі – жала жабу бойынша, екіншісі – ар-намысын қорғау үшін. Ахатова Әнару Құрманәлі мен әкесінен 10 млн теңге моральдық өтемақы өндіруді көздеп отыр.

«Әр адамның абыройы бар. Оны аяқ асты етуге болмайды. Бұл іске тегін кірістім, бірақ енді әділеттілік үшін соңына дейін барамын», – деді Ләззат Ахатова.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды