SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индонезияда курьердің полицейлер қолынан қаза табуы ел ішінде жаппай толқуларға ұласты. Осы жағдайға байланысты ел президенті Прабово Субианто Қытайға жоспарланған сапарын кейінге қалдырды. Ол 3 қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған Парадқа қатысуы тиіс болған еді.
«Президент елдегі ахуалды бақылап, тиімді шешім қабылдау үшін осында қалуды жөн көрді. Осы себепті Қытай билігінен шақыруды қабылдай алмағаны үшін кешірім сұрайды», – деп хабарлады мемлекет басшысының кеңсесі.
Наразылықтар Джакартада жұма күні басталды. Оған парламент ғимаратының жанында полицей көлігі қағып кеткен мотоцикл жүргізушісінің өлімі себеп болған.
Кейін шерулер басқа өңірлерге де жайылды: бірнеше провинцияда өңірлік парламенттердің ғимараттары өртеліп, Максар қаласында үш адам көз жұмды. Бали аралында полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.
Үкіметтің мәлімдеуінше, елдегі антиүкіметтік көңіл-күйді әлеуметтік желілерде таралған жалған ақпарат күшейтіп отыр. Осыған байланысты билік TikTok және Meta сияқты платформаларға контентті қатаң бақылауды күшейтіп, тікелей эфир мүмкіндігін уақытша шектеуді сұрады.
RUS