Павлодар базарында ер адам өзін өртемек болды
Жалдау ақысына қатысты мәселе ер адамның өзін өртеуіне себеп болған дейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 тамыз күні Павлодардағы «Жайлау» базарында ер адам өз-өзін өртемек болды. Дегенмен полицейлер мен базар әкімшілігі дер кезінде әрекет етіп, оның ойын іске асыртпады.
Алдын ала деректерге сүйенсек, ер адам мұндай қадамға жалға алу ақысына байланысты мәселе үшін барған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Құқық қорғаушылар оның ашу үстіндегі әрекетін тоқтатып, сабырға шақырған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші