Әйел жаңа туған баласын өлтірмек болды: Көршісі құтқарып қалды
Жаңа туған ұлын әжетханада өлтірмек болған көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеуде әйел жаңа туған баласын өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен тергеу басталды.
Тергеу мәліметінше, әйел пәтерде ұл бала босанғаннан кейін оны өлтірмек болған. Бірақ оның бұл әрекетін бірге тұратын көршісі байқап қалып, дереу жедел жәрдем шақырған.
Нәресте жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Қылмыстық іс қозғалды. Ресей Тергеу комитетінің төрағасы істің барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор