Сиднейде жол талғамайтын көлік Ресей елшілігінің қақпасына соғылды
Полициялар ер адаммен сөйлесе бастағанда, жүргізуші қақпаға кеп соғылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сиднейде ақ түсті жол талғамайтын көлік Ресейдің Бас консулдығының қақпасына соғылды.
Оқиға 1 қыркүйек күні таңертең, шамамен сағат 8-де тіркелген. Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының мәліметінше, тәртіп сақшыларына консулдық ғимаратының маңында күдікті көлік тұрғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер 39 жастағы ер адам отырған көлікті байқаған. Олар жүргізушімен сөйлесуге әрекет жасаған кезде, ол көлікті консулдықтың қақпасына айдап кірген.
Оқиға салдарынан қақпа зақымданды, ал көлік бірден тоқтаған. Жүргізуші ұсталып, Surry Hills полиция бөлімшесіне жеткізілді. Арнайы қызметтер көлікті эвакуатормен консулдық аумағынан алып шықты.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Тексеруге Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы ғана емес, Австралияның федералдық полициясы да қатысуда. Қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Материал авторы