604

Елімізге көлікпен бидай импорттауға тыйым салынбақ

Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елімізге көлікпен бидай импорттауға тыйым салынбақ
Smartnews.kz

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.