8075

Жертөледе шәкірт тәрбиелеген Болат Жұмаділов жаңа қызметке орналасты

Олимпиада ойындарының екі мәрте жүлдегері шәкірттерін жертөледе дайындап келген еді.

Жертөледе шәкірт тәрбиелеген Болат Жұмаділов жаңа қызметке орналасты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері, әлем чемпионы Болат Жұмаділов енді шәкірттерін жертөледе емес, заманауи спорт кешенінде жаттықтырады.

Белгілі кәсіпкер және спорт жанашыры Махат Төрәлі даңқты спортшыға қолдау көрсетіп, тұрақты жұмыс ұсынды. «Спорт министрі» Telegram арнасының хабарлауынша, Жұмаділов енді елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде бапкер қызметін атқарады.

Жаңа бокс залы 800 шаршы метр аумақта орналасқан. Мұнда Болат Жұмаділов болашақ чемпиондарды дайындап, лайықты еңбекақы алады.

Айта кетейік, жуырда ғана атақты спортшы шәкірттерін өзі тұратын үйдің жертөлесінде жаттықтырып жүргенін айтқан еді. Ол техникалық бөлмені шағын бокс залына айналдырып, балаларды да, ересектерді де бокстың әліппесіне баулып келген. Алайда залдың да, ондағы жабдықтардың да жағдайы мәз емес болатын.

«Бұл жер бізге тиесілі емес. Кез келген уақытта босатуды сұрауы мүмкін. Сол себепті жөндеу жұмыстарына қаржы салмадық», – деген еді Жұмаділов.

Енді мәселе түбегейлі шешімін тауып, қазақ боксының даңқын асқақтатқан спортшы лайықты еңбек жағдайына қол жеткізді.

Материал авторы