22822

«Газда тамақ ұмыт қалған»: Қарағандыда ана мен бала өліп қала жаздады

Қарағандыда анасы мен баласы газда қалған ас салдарынан тұншығып қала жаздады.

«Газда тамақ ұмыт қалған»: Қарағандыда ана мен бала өліп қала жаздады
vkirove.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары түтінге толған пәтерден анасы мен баласын шығарып алды.

Оқиға түнде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Үй тұрғындары күйген иісті сезіп, дереу төтенше жағдай қызметіне хабар берген.

«Шақырту орнына өрт сөндіру қызметінің кезекші тобы жетті. Тексеру барысында 1-қабаттағы пәтерден газда ұмыт қалған тағамның жанып кеткені анықталды. Ашық жалын болған жоқ, бірақ бөлмелерді қою түтін басқан.

Құтқарушылар пәтерден ұйықтап қалған үй иесі мен 2022 жылы туған оның кішкентай ұлын алып шықты. Қауіп толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор