Сирия 14 жылдан кейін алғаш рет мұнайын сыртқа шығарды

02.09.2025, 10:17
4553
Сирия 14 жылдан кейін алғаш рет мұнайын сыртқа шығарды AP / Bernat Armangue

Қазіргі уақытта экспорт көлемі елдің ішкі сұранысынан асып түскен көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сирия соңғы 14 жылда алғаш рет мұнай экспорттады. Алғашқы 600 мың баррельдік партия Жерорта теңізіндегі Тартус портынан жөнелтілген.

Сирия Энергетика министрлігінің өкілі Рияд әл-Джубасидің айтуынша, мұнайды B Serve Energy халықаралық сауда компаниясы сатып алған. Ал тасымалдау Nissos Christiana танкері арқылы жүзеге асырылады. Шенеунік бұл жеткізілімнің негізгі мақсаты — тасымал желілерінің, қоймалардың және порт инфрақұрылымының жұмысын тексеру екенін атап өтті.

Сирия мұнай тасымалдау компаниясының бас директоры Маан Пашаның сөзінше, қазіргі уақытта экспорт көлемі елдің ішкі сұранысынан асып түседі. Оның айтуынша, танкерге бірнеше кен орындарынан өндірілген мұнай және Банияс пен Хомс зауыттарында өңдеуден қалған өнімдер тиелген. Дегенмен нақты кен орындары аталған жоқ. Белгілі болғандай, Сирияның негізгі мұнай қоры елдің солтүстік-шығысында, күрдтердің бақылауындағы аумақта орналасқан.

Азаматтық соғыс басталған 2011 жылға дейін Сирия тәулігіне шамамен 380 мың баррель мұнай экспорттайтын. Алайда соғыс пен ұзаққа созылған қақтығыстар энергетикалық инфрақұрылымды қиратып, халықаралық санкциялар мұнай мен газ саудасына елеулі шектеу қойды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды