3426

Ким Чен Ын жеке пойызбен Қытайға барды

Солтүстік Корея басшысы парадқа қатыспақ.

Ким Чен Ын жеке пойызбен Қытайға барды
Александр Сафронов / Пресс-служба администрации Приморского края

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 1 қыркүйекте өзінің жеке пойызымен Бейжіңге жол тартты. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған шараларға қатысады.

Ким Чен Ынмен бірге жоғары лауазымды шенеуніктер де бара жатыр. Олардың қатарында Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи бар екені нақтыланды.

3 қыркүйекте Бейжіңде ауқымды әскери шеру өтеді. Іс-шара барысында Қытай жаңа қару түрлерін көрсетеді.

Әскери парадқа 20-дан астам елдің көшбасшылары қатысады. Олардың ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Беларусь, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Индонезия және Ресей басшылары бар. Бұдан бөлек, Армения, Малайзия, Пәкістан, Словакия және өзге де мемлекеттердің премьер-министрлері келеді деп күтілуде.

Материал авторы