Бұл факт 29 наурызда Кербұлақ ауданында тіркелді. Ұрланған қаруды жергілікті тұрғындар Қоғалы-Шаған автожолының бойынан тапқан және аудандық полицияға хабарлаған. Көрсетілген жерден 4,5 және 6 мм калибрлі «BSA Ultra», «Action sport games» және «BSA Us» үш пневматикалық винтовка тәркіленді.
«Деректер базасын тексеру кезінде қарудың 2022 жылғы қаңтарда Алматының аңшылық дүкендерінің бірінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта факт бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге полиция бөлімшесіне жіберілді», - деді Кербұлақ ауданы ПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.