SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы Алматы әкімі және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Байбектің қазіргі жұмысы жайлы оның қарындасы Айгүл Nege.Aqsha порталына айтып берді.
Айтуынша, мемлекеттік және қоғамдық қызметтен босап, ол соңғы екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алып, жұмыс істеген. Онда Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестиция тартумен айналысқан.
«Соңғы бір жарым жылда Жапонияда жұмыс істеп жатыр. Ол жерде жапондық капитал мен ноу-хауды Қазақстанға енгізу үшін инновациялық жобаларды дамытумен айналысады», — деді Айгүл Байбек.
Сонымен қатар, ол 2022 жылдың наурызынан бастап онлайн режимде «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі қызметін атқарып келеді. Компания Ақмола облысында ең заманауи неміс технологиясы бойынша өңдеу өнеркәсібін құруға инвестиция салады.
Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында әлеуметтік желілерде Бауыржан Байбектің Жапонияда сакура гүлдеген кезде түскен суреті жарияланған еді.
RUS