Бельгия алғаш рет алкогольді өнімдерді тұтынуға шектеу қоятын арнайы жоспар қабылдады

30.03.2023, 19:48
626
Бельгия алғаш рет алкогольді өнімдерді тұтынуға шектеу қоятын арнайы жоспар қабылдады Smartnews.kz

Сәрсенбі күні Бельгияның Федералдық министрі Франк Ванденбруктың төрағалығымен ел үкіметі халықтың алкогольді ішімдіктерді тұтынуын азайтуға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған жеке іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бельгияның денсаулық сақтау министрлігі алкогольдік ішімдікті шамадан тыс тұтынуды кемітуді көздейтін 75 бағыт бойынша федералдық жоспарын бекітті.

«Бұл құжаттың негізінде Бельгияның аймақтық үкіметтері де алкогольді шектен тыс пайдаланумен күресте бірлесіп жұмыс істеуге ынталы болып отыр», деді министр Франк Ванденбрук.

Айта кету керек, бұл - осы елдегі алкогольді ішімдікті тұтынуды азайтуға бағытталған ең алғашқы шара.

«Біз бірлесе отырып қана елімізде алкогольді ішімдікті шамадан тыс пайдалану мәселесін шеше аламыз. Мен бұл жоспарды әріптестерім мен ел үкіметі мақұлдағанына шын жүректен қуанып тұрмын», - деді Фрэнк Ванденбрук.

Бельгияның Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ бұл қадамның елдің алға қойған маңызды жобасы екенін атап өтті. Себебі, алкогольді шамадан тыс тұтыну ең алдымен денсаулық сақтау жүйесіне, сондай-ақ әділет, қаржы, жастар, полиция, тіпті қонақ күту салаларына да кері әсерін тигізіетіні анық.

Жаңа жоспар ел тұрғындарына алкогольді шамадан тыс пайдаланудың зияны мол екені жайлы (мысалы, қатерлі ісік) ақпараттарды, жадынамаларды үздіксіз жеткізіп отыруды қамтиды. Мұндай іс-шаралар ішімдікті шамадан тыс пайдалану кезінде сырқатты дәлірек анықтауға, денсаулықты оңалтуға, медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға, және жол-көлік оқиғаларын азайтыуға оң әсер етпек. Жоба негізінде өзге де шараларды қолдану көзделіп отыр.

Бельгия үкіметі қабылдаған шаралар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және Денсаулық сақтау жоғары кеңесінің ұсынымдарына негізделген.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың алкогольді қоспаларды тұтынуы ерекше бақылауға алынбақ. Сонымен қатар үкімет алкоголь өндірушілерінің маркетингтік жоспарын еркін жүргізуге, ашық түрде таратуға жол бермеу үшін жарнамалардың да қатаң ережелерін енгізуді қолдайды. Билік елдегі радио мен теледидарда кәмелетке толмағандарға арналған бағдарламалардың басында және соңында алкогольді жарнамалауға тыйым салатын заңдарды көрсетуді де көздеп отыр. Сондай-ақ федералды үкімет ғаламтор желісінде, кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік желілерде алкогольді ішімдіктерді жарнамалауды шектеу үшін арнайы ережелер әзірлеу үстінде.

Бұдан былай Бельгияда сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін автомагистральдар бойындағы дүкендерде алкогольді ішімдіктерді сату тоқтайды. Одан бөлек, алкогольді ішімдіктер сататын автоматтар да қатаң бақылауда болады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды