SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елді әділетті, өркендеген мемлекетке айналдыруға бағытталған реформалар курсын жариялады. Ол бұл тұжырымдаманы «Жаңа Қырғызстан» деп аталды.
Мемлекет басшысының Конституция күніне арналған және елдің жаңа даму стратегиясына қатысты айтқан сөздері Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланды.
«Біз тек сыртқы жетістіктерімен емес, әр азаматтың ішкі байлығымен – рухани тазалықпен, ізгілікпен, қонақжайлықпен, кең пейілмен және білім тереңдігімен ерекшеленетін жаңа Қырғызстанды қалыптастыруға баса назар аударуымыз керек», – деді Садыр Жапаров.
Президент 2030 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасының негізгі басымдықтарын да еске салды: тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, рухани құндылықтарды нығайту.
Сондай-ақ ол реформаларды жалғастыратынын мәлімдеді.
«Конституциялық реформа билік құрылымын өзгертті, экономикада тұрақты өсудің белгілері байқалады, қоғамда тұрақтылық орнығуда. Сыртқы саясат көпвекторлы сипат алды. Әртүрлі салада тәртіп орнады, даму мен жарқын болашаққа жол ашылды. Соның арқасында халықтың мемлекетке деген сенімі қайта оралды. Басқаша айтқанда, өмірдің барлық саласында өзгерістер жүріп жатыр және бұл үрдіс жалғасады», – деді Садыр Жапаров.
«Жаңа Қырғызстан» стратегиясы мемлекеттік басқаруды түбегейлі жаңғыртуды, жемқорлықпен күресті, бизнесті қолдауды, инвестициялық климатты жақсартуды және басқа да реформаларды қамтиды.
«Ата-бабамыздан қалған мұраны – дәстүрімізді, салт-санамызды, моральдық құндылықтарды – қазіргі ғылыммен және біліммен ұштастыратын кез келді. Бұл – қырғыз халқының жаңа бейнесін қалыптастырады», – деді президент.
Қазақстандық сарапшылар бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы жолдауында жариялаған «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасымен салыстырды. Ол кезде Мемлекет басшысы саяси реформалар пакеттерін атап өтіп, халықпен өзара сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын.
RUS