5266

Төреғалидің қарындасы жүктілігін жариялаймын деп қызу талқыға түсті

Ол 3 жылда 3 рет сәбилі болуы көпшілікті таңғалдырды.

Төреғалидің қарындасы жүктілігін жариялаймын деп қызу талқыға түсті
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Дина Төреәлі көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті.

Желі жұлдызы үшінші сәбиін күтіп жүргенін көрсетті.

«Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып жатыр. Бақыт үш есе артты. Шүкір», – деп жазды Дина парақшасында.

Оған әпкесі, блогер Фариза Төреәлі де қолдау білдіріп:

«Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін!» – деп тілек жазды.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі блогерді құттықтап, денсаулық тіледі, енді бірі «жас қыздарға үлгі боларлық шешім емес» деп сын айтты.

«Үш жылда – үш бала, қандай батылдық!», «20 жасында жоғары білім алмай, үшінші бала туу дұрыс па?! Әр қыз ең алдымен өз дамуына көңіл бөлсе, 25-28 жасында отбасы құрып, бала тапқаны жөн», «Динаны “туғыш әйел” ретінде көремін», «Күтушісі бар, жағдайы жақсы отбасында бала көп болғаны дұрыс», «Жолдасы – жалғыз ұл, тұқымын көбейтсін, аман-есен босансын», «Мен 2022 жылы тұңғышымды тудым, екіншісін әлі ойлап жүрмін», – деп жазды желідегілер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор