Франция елін тастап қашқан Асадты тұтқындауға тапсырма берді
Франция соты Сирияның бұрынғы басшысы Башар Асадты тұтқындамақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция соты Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа және тағы алты экс-шенеунікке халықаралық тұтқындау ордерін шығарды.
Бұл шешім 2012 жылы Хомс қаласын әуеден бомбалау кезінде екі журналистің қаза табуына байланысты қабылданды. Сол кезде америкалық тілші Мари Колвин (56 жаста, The Sunday Times) және француз фотографы Реми Ошлик (28 жаста) көз жұмған.
Француз билігі бұл оқиғаны соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы қылмыс ретінде қарастырып отыр.
Ордер тек Асадқа ғана емес, оның ағасы Махир Асадқа, Сирияның барлау қызметінің басшысы Әли Мамлюкке және армия штабының бұрынғы жетекшісі Әли Аюбқа қатысты.
Айыптылар бұған дейін Хомстағы тұрғын үйлерді әдейі бомбалағанын жоққа шығарған.
Башар Асад 2024 жылдың соңында биліктен кетіп, кейін отбасымен бірге Ресейден пана іздеген болатын.
Материал авторы