6616

Ким Чен Ын Лукашенконы өз еліне қонаққа шақырды

Екеуінің әңгімесі жарасып тұрғаны суреттен де байқалған.

Ким Чен Ын Лукашенконы өз еліне қонаққа шақырды
Telegram / Пул Первого

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Бейжіңдегі әскери парад қарсаңында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен тілдесіп, оны Солтүстік Кореяға «қалаған уақытында» қонаққа шақырды.

Желіде екі ел басшыларының бейресми әңгімелесіп, күліп тұрған суреттері де жарияланды.

Қытайдағы мерекелік шаралар Екінші дүниежүзілік соғыстағы және Жапон басқыншыларына қарсы Қытай халқының жеңісінің 80 жылдығына арналды. Оған 26 мемлекет басшысы қатысты. Арасында Ресей президенті Владимир Путин, Иран басшысы Масуд Пезешкиан, Индонезия президенті Прабово Субианто және Оңтүстік-Шығыс Азия мен ТМД елдерінің көшбасшылары бар.

Салтанатты жиынның ашылуында Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы күресі «әлемдік антифашистік соғыстың маңызды бөлігі» екенін атап өтті.

Материал авторы