Депутат Абзал Құспан Қазақстандағы келісілген футбол матчтарын тергеуді талап етті

03.09.2025, 14:20
6860
Депутат Абзал Құспан Қазақстандағы келісілген футбол матчтарын тергеуді талап етті parlam.kz

Қазақстан футболында әділетсіз ойындар кең таралған дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстан футболындағы келісілген матчтар мәселесін көтеріп, құқық қорғау органдарын тергеу жүргізуге шақырды.

Халықаралық Sportradar деректеріне сүйенген депутаттың айтуынша, 2022 жылы Қазақстан әлем бойынша келісілген ойындар саны жөнінен төртінші орынға шыққан.

«Бұл – Қазақстан футболында әділетсіз ойындардың кең таралғанының айғағы. Футбол федерациясының президенті Марат Омаров мәселенің барын мойындағанымен, жүйелі шаралар қабылданбады. Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ букмекерлік кеңселердің көптеген матчтарды тізімнен алып тастағанын анықтап отыр», – деді Құспан.

Ол сондай-ақ халықаралық тәжірибені мысалға келтірді:

Германияда төреші келісілген матчтар үшін 2 жыл 5 айға сотталған;

Оңтүстік Кореяда 2011 жылы 57 футболшы айыпталған;

Италияда 2015 жылы клуб президенті мен ондаған адам сотқа тартылып, команда еурокубоктардан шеттетілген.

Депутаттың айтуынша, келісілген матчтар тек спорттағы әділетсіздік емес, сонымен қатар мыңдаған азаматқа қарсы қаржылық алаяқтық түрі.

«Бақылаудың әлсіздігі азаматтардың сенімін жоғалтып қана қоймай, ел экономикасының тұрақтылығына да қауіп төндіреді», – деді ол.

Сондықтан Құспан құқық қорғау органдарын тарта отырып, футболдағы келісілген ойындарға қатысты арнайы тергеу ұйымдастыруды ұсынды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды