4229

«Аяғын сүйгізіп, темекімен күйдірген»: Екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап, оны сексуалды тұрғыда зорлаған

Алматы облысында күдіктілер кәмелетке толмаған қызды зорлап, оны бопсалаған көрінеді.

«Аяғын сүйгізіп, темекімен күйдірген»: Екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап, оны сексуалды тұрғыда зорлаған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсеткен екі әйел қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдіктілер 16 жастағы жасөспірімді ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Қазіргі таңда екі әйел уақытша қамау изоляторына қамалды.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары басталды. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда», – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Желіде тараған бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырды. Көпшілік жасөспірімнің тағдырына алаңдаушылық білдіріп, кінәлілердің заңға сәйкес қатаң жазалануы қажет екенін айтуда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор