SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қуаныш Дәулеталиевке іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.
Мәліметке сәйкес, 48 жастағы Қуаныш Әмірсейітұлын Түркістан облысы Туран ауданының полиция басқармасы іздеп жатыр. Ресми деректерде іздеу ісі 2 қыркүйекте тіркелгені көрсетілген. Алайда іздеудің себебі нақтыланбаған.
Қуаныш Дәулеталиев 2000 жылдан 2009 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. Кейін алты жыл бойы «Сенім-Құрылыс» ЖШС-інде коммерциялық істер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап «БОИНИС КС» компаниясында да осыған ұқсас қызмет істеген. Сонымен қатар ол мәслихаттағы «Ауыл» партиясы фракциясын басқарған.
RUS