4990

Лондон Украинаға Ресей активтерінің есебінен 1 млрд фунтқа қару жеткізді

Ресейдің бұғатталған активтері Украинаның еншісіне өтті.

Лондон Украинаға Ресей активтерінің есебінен 1 млрд фунтқа қару жеткізді
AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания қорғаныс министрі Джон Хили Киевке сапары барысында Украинаға 1 млрд фунт стерлингтен асатын әскери қолдау көрсетілгенін мәлімдеді. Қаржыландыру Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыс есебінен жүргізілген. Бұл туралы британ үкіметінің ресми сайтында хабарланды.

Аталған қаражатқа жүздеген мың артиллериялық оқ-дәрілер, жүздеген зениттік зымырандар және әскери техникаға арналған қосалқы бөлшектер сатып алынған. Сондай-ақ қаржы жаңа келісімшарттарға, яғни әскери жабдықты жөндеу мен қызмет көрсетуге бағытталған.

Хилидің айтуынша, соңғы 50 күн ішінде Украинаға:

4,7 млн атыс қаруына арналған оқ-дәрі;

60 мың артиллериялық снаряд;

2,5 мыңнан астам дрон;

200 радиоэлектрондық күрес жүйесі;

100 бірлік жеңіл қару;

30 автомобиль жеткізілген.

Министр атап өткендей, биылғы жылы Ұлыбритания Украинаға жалпы көлемі 4,5 млрд фунтқа тең әскери қолдау көрсеткен.

Материал авторы