Сот Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты

04.09.2025, 13:53
3917
Сот Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты SMARTNEWS.KZ коллажы

Нұрасыл түзелгенін дәлелдей алмады делінген сот шешімінде.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нурасыл Болат жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Алатау қалалық соты сотталушының қалған мерзімді жұмсақ жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қарап, негіз жоқ деп тапты.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қазанында Болат бірнеше рет пробациялық бақылау шарттарын бұзғандықтан, оған тағайындалған «бостандығын шектеу» жазасы қатаңдатылып, «бас бостандығынан айыру» жазасына ауыстырылған. Ол түнде көшеде және ойын-сауық орындарында жүрген жерінен ұсталған.

«Бұл жолы да сот оның тәртібін саралап, оң өзгерістердің байқалмағанын атап өтті. Болат түзелгенін дәлелдей алмады, сондықтан орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеуді жалғастыруы тиіс», – делінген сот шешімінде.

Өтінішті сотталушының өзі, жәбірленуші және ішінара прокурор қолдағанымен, сот шешімін өзгертпеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Нурасыл Болат бұған дейін де жазасын жеңілдетуге тырысқан. Алайда 2025 жылдың наурызында ол құжаттағы қателерге байланысты өтінішін қайтарып алған. Оның қорғаушылары колония әкімшілігінің заңбұзушылықтарын айтып, істің қоғамға жария болғанына қарсылық білдірген.

Нурасыл Болат адвокаттар Анна мен Олег Черновтарға жасалған шабуыл ісі бойынша сотталған. Бұл оқиға Алматыдағы сауда орталығының алдында қызбен жанжалдан кейін болған еді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады