«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

04.09.2025, 15:25
8517
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды f.c.kairat

Тарихи матч Алматыда 30 қыркүйек күні өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны анықталды. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда ФК «Қайратпен» тікелей келіссөздер жүріп жатыр.

«Билеттерді сату құқығы тікелей «Қайратқа» тиесілі. Қолымыздағы ақпаратқа сәйкес, сатылым ойынға 10 күн қалғанда басталады. Егер матч 30 қыркүйекте өтсе, онда шамамен 20-сы күндері сатылымға шығуы мүмкін. Барлық жанкүйерлерге айтарым – бейресми ақпарат көздеріне сенбеңіздер. Билеттер тек клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы таратылады», – деді Жарасбаев.

Еске сала кетейік, 28 тамызда Монакода өткен жеребеде «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы қарсыластарын білді. Команданың реакциясы түсірілген бейнежазба клубтың ресми парақшаларында жарияланды.

Тарихи матч Алматыда 30 қыркүйек күні өтеді. Бұған дейін «Қайрат» билеттердің сатылымға шыққаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Алматы қаласының полициясы да тұрғындар мен қонақтарды алаяқтарға алданып қалмау үшін билеттерді тек ресми арналардан алуға шақырды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды