Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы мақұлдады

31.03.2023, 11:32
561
Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы мақұлдады smartnews.kz

Түркияның Ұлттық Мәжілісі (парламент) Финляндияның НАТО ұйымына кіруі туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Дауыс беру бейсенбі күні парламенттің жалпы отырысында өтті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырысқа қатысқан 276 адамның барлығы заң жобасын қолдады. Осылайша Финляндия одаққа толық кіру үшін заңды негіз алды.

Түркия Хельсинкидің альянсқа қосылу ұсынысын мақұлдамаған НАТО-ның соңғы мүшесі болды. Венгрия бұл процесті кейінге қалдырды, бірақ 27 наурызда тиісті заң жобасын мақұлдады. Енді ұйымның барлық мүшелері Финляндияның кандидатурасын мақұлдады.

Пленарлық отырыс барысында түрік депутаттары қазіргі кезеңде Анкараның лаңкестікпен күрес саласындағы мүдделерін ескеру тұрғысынан Түркия мен Финляндия арасындағы қарым-қатынаста күрделі проблемалар жоқ екенін атап өтті. Бұл ретте заң шығарушылар Финляндиямен бірге НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швецияның Түркиямен қол қойылған меморандум ережелерін әлі орындамағанын және әлі де альянстың бір бөлігі болуға дайын еместігін атап өтті.

Финляндия мен Швеция Солтүстікатлантикалық альянсқа мүшелікке өтінішін 2022 жылдың мамыр айында берген, бірақ Анкара олардан күрд ұйымдарын террористік деп жариялауды, сондай-ақ терроризм немесе 2016 жылы Түркиядағы төңкеріс әрекетіне қатысты деп айыпталған адамдарды экстрадициялауды талап етіп, қосылу процесіне тосқауыл қойды. Бұл мәселелерді 2022 жылы НАТО саммитіне дейін шешу үшін Түркия, Финляндия және Швеция арасында нақты қадамдар тізімі бар меморандумға қол қойылды.

«Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО) «Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский 15 мамыр күні Ыстамбұлда Путинмен шұғыл кездесуге баратынын айтты «Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО)